Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан көптеген елдермен әуе байланысын шектеді

Опубликовано:

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қай елдердің әуе компаниялары Қазақстанға ұшып келе алмайтынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

казақ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Бүгінгі күні коронавирус Еуропада жылдам тарап жатқандықтан, ел билігі еуропалық мемлекеттермен рейстерді шектеуге шешім қабылдаған. Бұған дейін Қазақстан мен Еуропа елдері арасында аптасына 25 рейс, ал Ұлыбританиямен 4 рейс болған.

Сонымен, германиялық Франкфуртке аптасына бес рейстен екі рейске дейін қысқарды. Нидерландиялық Амстердам мен Чехия астанасы Прагаға аптасына бір рейске дейін, сондай-ақ Нұр-Сұлтан мен Лондон арасында аптасына екі рейске дейін азайтылған.

Еуропа елдерімен әуе байланысы толығымен тоқтатылмайды. Сонда қалған қазақстандықтардың елге орала алуы үшін аз да болса рейстер қалдырылған.

Одан бөлек, Lufthansa әуе компаниясы сәуір айының соңына дейін Қазақстанға рейс жасамауға шешім шағырды. Сонымен бірге Түркия мен БАӘ-ге де рейстер саны қысқарады.

Дәл осындай шаралар ЕАЭО елдерінің мүшелеріне де қатысты қабылданған. Мәселен, "Нұр-Сұлтан - Минск" бағытында 1 рейске дейін азайтылды. Алайда әзірге Ресейге қатысты ешқандай шектеу шарасы қабылданбаған.

Еске сала кетсек, 13 наурыздан бастап елімізде қоғамдық іс-шаралар өткізілмейді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845046-kazakstan-kptegen-eldermen-ue-bajlanysyn-sektedi/

pixel