Коронавирус: Алматыда науқастармен байланысқан шетелдіктер іздестірілуде
Опубликовано:
Алматы бас санитар дәрігерінің орынбасары Әсел Қалықова науқастармен байланысқан адамдар жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілетінін мәлімдеді. Емдік шараларға мұқтаж науқастар да сонда болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
![Көрнекі фото: pixabay.com Көрнекі фото: pixabay.com](https://cdn.nur.kz/images/1120/e9e9ec01d6646f79.jpeg)
Оның сөзінше, мамандандырылған қызметкерлер қазір екі-үш шетелдік азаматты іздеп жатыр.
"Бүгін оларды табамыз. Басқа байланыс тұлғалары табылып, ауруханаға жатқызылды. Егер транзит Ресей арқылы келсе, біз олардың қайдан ұшып келгенін анықтап, үй мен стационарлық карантинге жатқызамыз.
Алдын-алу шаралары жүргізілуде. Инкубациялық уақыт 14 күн, сол уақыт аралығында анықталуы мүмкін", -деді ол.
Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған алты адам тіркелді. Олардың төртеуі - Алматы қаласында болса, екеуі-Нұр-Сұлтан қаласында.
Естеріңізге сала кетейік, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ІІМ басшылығының, оның қызметтерінің, сондай-ақ полиция, төтенше жағдайлар департаменттерінің, қылмыстық-атқару жүйесінің және Министрліктің оқу орындары басшыларының қатысуымен бейнеселекторлық кеңес өткізді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845403-koronavirus-almatyda-naukastarmen-bajlanyskan-seteldikter-izdestirilude/