Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мені екі тәулік іздемеді": Вирус жұқтырған рейстің қарағандылық жолаушысы Тоқаевқа үндеу жолдады

Жарияланған күні:

Коронавирус анықталған елордалық тұрғынмен бір ұшақта ұшып келген қарағандылық әйел одан қауіпті вирустың бар-жоғын анықтау үшін ешкімнің хабарласпағанын, ал ауруханада одан тіпті, сараптама алынбағанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Екі тәулік мені іздемеді": Вирус жұқтырған рейстің қарағандылық жолаушысы Тоқаевқа үндеу жолдады
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Қарағандылық Шамжан өзінің Facebook парақшасында мемлекет басшысына, премьер-министрге және Денсаулық сақтау министрінің басшысына үндеу жариялады.

Әйел Мәскеуден коронавирус анықталған арумен бір рейсте ұшып кеткенін жазды. Нұр-Сұлтанға жеткеннен кейін Шамжан бірден Қарағандыға жол тартты, тек екі күннен кейін ол өзінің вирус жұқтырған адаммен бірге ұшып келгенін білген.

Шамжан екі күннен бері ешкімнің онымен байланысқа шықпағанына наразы, себебі мұны жасау өте оңай. Әуекомпанияда жолаушылар жайлы барлық мәліметтер бар деп жазады ол.

Нәтижесінде, үшінші күні қарағандылық әйел жедел-жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Алайда Шамжанның сөзінше, медициналық мекемеде олар дене қызуы мен қысымды өлшеген, ал қауіпті вирусқа әлі сараптамалар жасалған жоқ.

"Ал егер менің ішімде инфекция болса және мен уақытымды жоғалтып жатсам не болады? Мен таксиде кіммен бірге жүргенімді де білемін, бірақ бұл ақпарат тек әлеуметтік желілердегі хабарландыру үшін ғана қажет. Бұл туралы ешкім менен сұрамайды", - деп жазды қазақстандық әйел.

Ол атап өткендей, астанадан жеткен көлікте онымен бірге дәрігерлердің келген. Олар жұмысына байланысты күніне ондаған адаммен байланыста болады.

Сондай-ақ, әйел аурухананың күйіне наразы. Айтуынша, бөлменің іші суық, ыстық су жоқ, ал дәретхананы Италиядан ұшып келгендер де қолданады екен. Алайда карантин азаматтардың бір-бірінен оқшаулануын талап етеді.

Шамжанның сөзінше, ауруханада дәрумендер де тұрақты тамақтану жүйесі де жоқ екен.

Қорытындылай келе, әйел аурухана басқа адамдармен байланыста болдырмайтын карантин ережелерін елемейтін болса, жүйелі тамақтану мен дәрумендер болмаса, коронавирусты анықтайтын тестілеуді өткізбесе, онда елге оралғандардың бәрін ауруханаға жатқызудың не қажеті бар деген сауал қойды.

Ол сондай- ақ палатада сабынның да жоқ екенін, тек спирттік спрейдің барын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтанда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845443-meni-eki-tulik-izdemedi-virus-zktyrgan-rejsti-karagandylyk-zolausysy-tokaevka-ndeu-zoldady/