Коронавирус жұқтырған танымал тұлғалар кімдер
Опубликовано:
Әлемде белең алған коронавирус эпидемиясына бастапқыда қарапайым халық шалдықса, бүгінде індет жұқтырғандар қатары әйгілі адамдармен толығуда. Тіпті, вирус ел президенттерін де айналып өтпеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

COVID-19 вирусын жұқтырғандар арасында Актер Том Хэнкс пен оның әйелі Рита Уилсон бар. Ерлі-зайыптылар инфекцияны Австралияда Элвис Преслидің өмірі туралы фильммен жұмыс істеу кезінде жұқтырып алған.

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо мен әйелі Софиден де коронавирус табылды.

Францияның мәдениет министрі Франк Ристерден де инфекция анықталды.

Лондондық "Арсеналдың" бас бапкері Микель Артетаның да сынамасы оң нәтиже беріп, спортшыдан вирус табылды.

Италиялық "Ювентус" командасының қорғаушысы Даниэле Руганиден де COVID-19 вирусы анықталды. Салдарынан оның клубтасы Криштиану Роналду да карантинге алынды.

Еске сала кетсек, бұған дейін танымал актриса Ольга Куриленко коронавирус жұқтырғанын мәлімдеген еді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845554-koronavirus-zktyrgan-tanymal-tlgalar-kimder/