Еліміздің ақша айырбастау нүктелерінде доллар 450 теңгеден сатылып жатыр
Жарияланған күні:
Қазақстандағы айырбастау нүктелерінде АҚШ долларының құны өсуде. Соңғы жарты сағатта америкалық валютаның бағасы 415 теңгеден 450 теңгеге дейін көтерілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Мұндай мәліметтер Kurs порталында жарияланды. Ол жерде әртүрлі айырбастау нүктелеріндегі баға көрсетілген.
Айта кетейік, қазіргі уақытта KASE қазақстандық қор биржасының сайтында күнделікті сағат 11:00- де жасалатын таңертеңгілік сауда нәтижелері жоқ.
Forbes жазуынша, KASE доллардың орташа сараланған бағамын анықтай алмаған. Қазіргі уақытта қытайлық юаньнің курсы белгілі болған. Ал ресейлік рубль мен еуроның саудасы әлі басталмаған.
Жұма күні бір доллар 408 теңгеден сатылған. Бір апта ішінде шетелдік валюта 16 теңгеге қымбаттаса, бір ай ішінде 29 теңгеге өскен.
Естеріңізге сала кетейік, тоғызыншы наурызда мұнайдың әлемдік бағалары құлдырағаннан кейін Қазақстанның айырбастау нүктелерінде доллар бағамы 399 теңгеге дейін көтерілді.
Осыдан кейін Қазақстанның Ұлттық Банкі дүниежүзілік нарықтық жағдай аясында баға тұрақтылығын қолдау мақсатында базалық мөлшерлеменің өзгергенін хабарлады.
Бұған дейін Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов журналистермен тілдесу кезінде ақшаны теңгемен сақтау керек пе әлде долларға айырбастаған жөн бе деген сауалға жауап берген болатын.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845569-elimizdi-aksa-ajyrbastau-nktelerinde-dollar-418-tegeden-satylyp-zatyr/