Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда түнгі клуб, фитнес орталықтары, монша, караокелер жабылды

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласында караоке, түнгі клуб, монша, компьютерлік клубтар және фитнес орталықтары уақытша жабылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы елордалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиында бірқатар маңызды мәселер талқыланып, шешімін тапты.

Енді төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін елордада кинотеатрлар, театрлар, көрмелер мен көңіл көтеру орындары жұмыс істемейді.

Атап айтсақ, түнгі клубтар, караоке, бар, монша, компьютерлік клубтар, фитнес орталықтар, жаттығу залдары, бассейндер уақытша жабылады.

Одан бөлек, мейрамханалардың, дәмханалардың және өзге де қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты 22.00 сағатқа дейін шектелді.

Тамақтану орындарында бір мезетте адамдар саны елуден аспауы керек.

Дәмхана мен мейрамханаларда және тағы басқа орындарда кальян пайдалануға тыйым салынуда.

Киім-кешек базарлары сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін ашық болады. Санитарлық және дезинфекциялық шаралар күшейтіледі.

Қоғамдық тамақтану орындарында, сауда ойын-сауық орталықтарындағы фуд-корттар дезинфекциядан өтіп тұрады.

Сонымен қатар, ірі сауда нысандары мен сауда ойын-сауық орталықтарының жұмыс уақыты шектелді.

Енді олар сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

Ал азық-түлік дүкендері мен супермаркеттер, базарлар қалыпты режимде жұмыс істейді.

Қоғамдық көліктердің жұмысы еш өзгеріссіз. Соңғы аялдама пунктерінде автобустар дезинфекциядан өтеді.

Еске сала кетсек, 15 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елімізде 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды.

Сонымен қатар президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин елде не себепті төтенше жағдай режиімі енгізілгенін түсіндіріп өтті.

Оның сөзінше, шектеу шаралары вирустың ел аумағында таралуының алдын алу үшін сондай-ақ, қазақстандықтардың игілігі үшін, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, денсаулықтарын сақтау үшін жасалып жатыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845571-nr-sltanda-tngi-klub-fitnes-ortalyktary-monsa-karaokeler-zabyldy/

pixel