Ресейлік белгілі дәрігер коронавирустан қорғанудың жолын айтты
Жарияланған күні:
Ресей ғылым академиясы институтының Қоғам денсаулығын сараптау және болжау зертханасының басшысы, медицина ғылымдарының докторы Борис Ревич коронавирусты жұқтыру қаупін бәсеңдету үшін медициналық маска тағып, амандасу кезінде қол алыспауға, құшақтаспауға кеңес берді деп жазады KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.
"Коронавирус жұқтырудың алдын алу үшін медициналық бетперде таққан жөн, амандасу кезінде қол алысып, құшақтасудан бас тартқан дұрыс. Қоғамдық орындарда, автобуста бетпе-бет тұру вирус жұқтыру мүмкіндігін арттырады", – дейді Борис Ревич.
Маманның сөзінше, вирус ауа-тамшы жолдары арқылы жұғады, сондықтан бетперденің қорғаныс күші аздау болса да тағып жүрген абзал.
"Бетпердені қолдану жүрегі ауыратындар мен егде жастағыларға қиындау, себебі ол тыныс алуды бояулатады. Егер маскаңыз болмаса, бетіңізді мойын орағышыңызбен жауып жүріңіз", – дейді Борис Ревич.
Оның айтуынша, кейбір маскалар 1 сағатқа ғана жарамды болса, кейбірі тиімділігін 4 сағатқа ғана сақтайды.
"Екінші бір айта кетерлік жағдай, таныс болсын, жақын туысыңыз болсын, амандасқан шақта қол алысу, құшақтасудан бас тартыңыз. Бір-біріңізден алыс ара қашықтықта болыңыз. Өзім метромен қатынайтындықтан, алыс тұрудың қиын екенін түсінемін. Сонда да бетпе-бет тұрмасаңыз болғаны", – дейді маман.
Медицина ғылымдарының докторы ауру жұқтырудың алдын алу үшін қолды сәл бүгіп, шынтаққа қарай түшкіру керектігін қоса айтты.
Ревичтің ойынша, үлкен аурулардың алдын алу дәл осындай ереже мен тәртіпті сақтағаннан басталады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша әлемнің 140 елінде 153 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырған. Көбісі індеттен айыққан.
Айта кетейік, бұған дейін диетолог Иван Алименко карантин кезінде және үйде жұмыс істегенде қалай тамақтану керегін айтқан болатын.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845594-resejlik-belgili-driger-koronavirustan-korganudy-zolyn-ajtty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.