jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

"Бұл оба және апокалипсис емес": Біртанов коронавирус жайлы айтты

: UGC

Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарды коронавирустың ел бойынша таралуына жол бермеу үшін қолға алынған шаралардан қорықпауға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бұл оба және апокалипсис емес": Біртанов коронавирус туралы айтты
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Елжан Біртанов "Еуразия" телеарнасындағы cұхбаты барысында қауіпті инфекцияның таралатынын мойындады. Бірақ оның айтуынша, одан қорқудың қажеті жоқ, өйткені коронавирус, оба мен апокалипсис емес. Бұл қауіпсіздік шараларын сақтап, қорғануға болатын инфекция.

Алайда вирусқа немқұрайлы қарауға болмайтынын да атап өтті.

"Бірақ бұл ақырзаман емес. Ауру өзінің шыңына жетіп, төмендей бастайды. Карантиндік шаралар өз әсерін береді. Міндетті түрде", - деп сендірді Біртанов.

Министрдің мәліметінше, бүгінде елімізде COVID-19 диагностикасының жеткілікті саны бар. Бірақ жаңа вирустың бар-жоғына түбегейлі тексеру жүргізудің ешқандай мәні жоқ, себебі бүгінгі күні "таза" болған адам ертең ауру жұқтырған адаммен байланыста бола алады.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігінің басшысы коронавирусты анықтау үшін қосымша зертханалар ашылатынын мәлімдеді, алайда оның айтуынша, емханалар мұндай қызметті көрсетпейді.

Естеріңізге сала кетейік, ІІМ қалаға кіруге кімге рұқсат берілгенін хабарлаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

"Бұл оба және апокалипсис емес": Біртанов коронавирус жайлы айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.