Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қосшы, Ильинка мен Талапкер тұрғындарына Нұр-Сұлтанға кіруге рұқсат етілді

Опубликовано:

Елорда әкімдігі қала маңында өмір сүретін адамдарға карантинге жабылған Нұр-Сұлтанға кіру жөнінде айқындық енгізді. Қосшы, Ильинка, Талапкер, Жібек-Жолы тұрғындары қалаға ешқандай анықтамалар мен рұқсатсыз келе алады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қосшы, Ильинка мен Талапкер тұрғындарына Нұр-Сұлтанға кіруге рұқсат етілді
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Әкімдікте хабарланғандай, бұл бес кент қала шегінде орналасқан, сондықтан олар Нұр-Сұлтан секілді карантинде.

Сондай- ақ, елорда аумағы бойынша орнатылған бөгеттер елорда мен ауылдар арасындағы өткелге кедергі келтірмейтіндей етіп орналастырылған.

Осылайша, Қосшы, Ильинка, Талапкер, Жібек-Жолы және Қоянды тұрғындарына жұмыс орнынан ешқандай анықтама немесе Нұр-Сұлтанға бару үшін өзге де арнайы құжаттар қажет емес.

Әкімдіктен 6 бөгеттің қала шекарасында орналасқандығы туралы хабарлады. 7-бөгет Шушары ауылының жанында орналасқан.

Еске сала кетсек, Түркістанда коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан үш адам он жылға сотталуы мүмкін.

Осыған дейін 23 жастағы Өскемен тұрғыны маска сатып аламын деп алаяқтардың құрбаны болғанын жазған едік.

Айта кетейік, Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды.

Бүгін түнгі сағат 00:00-де Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге жабылады. Бұл вирустың Қазақстанның басқа да қалаларына таралуына жол бермес үшін жасалып жатыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846194-kossy-ilinka-men-talapker-trgyndaryna-nr-sltanga-kiruge-rksat-etildi/

pixel