Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Германиядан ұшып келген әйел адам жайлы жалған ақпарат таратқан тұрғынның басы бәлеге қалды

Опубликовано:

Түркістан облысының құқық қорғау қызметкерлері жалған ақпарат таратқан күдіктіні ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Коронавирус жұқтырған әйел жайлы жалған ақпараттың авторы ұсталды
Фото: видеодан кадр: UGC

Келес аудандық полиция бөліміне Whatsapp мессенджері арқылы тараған жалған ақпарат жайлы хабарлама келіп түскен.

Хабарламада Келес ауданында коронавирус жұқтырған тұрғын бары айтылған.

Осыдан кейін жәбірленуші полицияға хабарласып, жалған хабар таратқан адамды жауапқа тартуын сұраған.

Полицейлер бұл жайтты Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігі ("Көрінеу жалған ақпарат тарату") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеген.

Тексеру кезінде белгілі болғандай аудиожазбада айтылған әйел адам 10 наурыз күні Германиядан Мәскеу-Шымкент бағытында ұшып келген.

Әуежайда оны медбикелер күтіп алып, Шымкент қаласында үй жағдайындағы карантинге жатқызған. Қазіргі кезде амбулаториялық ем алып жатыр, денсаулығы жақсы.

18 наурыз жедел-іздестіру шаралары барысында Келес аудандық полиция бөлімінің құқық қорғаушылары жалған ақпарат таратушыны анықтады.

Күдікті Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шықты.

Аудионың авторы өз кінәсін мойындап, жағдайға қатысты өкінішін білдірді. Қазір аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістан облысында коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан үш адамға қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846272-germaniadan-syp-kelgen-j-adam-zajly-zalgan-akparat-taratkan-trgynny-basy-blege-kaldy/

pixel