Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде бостандыққа шыққан Жәкішевтің үйінде түскен суреті тарады (фото)

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде бүгін таңертең Семей түрмесінен бостандыққа шыққан Мұхтар Жәкішевтің үйінде түскен суреті пайда болды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Instagram/armanzhan
Фото: Instagram/armanzhan: Instagram

Суретті қазақстандық бизнесмен Арманжан Байтасов Instagram желісіндегі парақшасында жариялап:

"Мұхтар Жәкішев бостандыққа шықты және үйіне келді", - деп жазба қалдырды.

Кадрдан Мұхтар Жәкішевтен бөлек, Арманжан Байтасовты, Нұрлан Смағұловты, Болат Әбіловті, Райымбек Баталовты байқауға болады.

Еске сала кетсек, "Қазатомөнеркәсіп" ҰК бұрынғы басшысы 2010 жылы 14 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Оған сеніп тапсырылған мүлікті жұмсау және пара алды деген айып тағылған.

Жәкішев үш рет мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берген. Оның өтініші екі рет қабылданбаған болатын.

Осы жылдың наурыз айының басында Семейдегі №2 сотта Жәкішевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы үшінші өтініші қаралады.

Нәтижесінде сот оның өтінішін қанағаттандырып, "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы наурызда бостандыққа шыға алатыны белгілі болды.

Осылайша 19 наурызда Мұхтар Жәкішев сот шешімімен шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.

Семейдегі ол отырған ОВ-156/14 колониясының алдына ондаған азамат жиналды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846330-zelide-bostandykka-sykkan-zkisevti-jinde-tsken-sureti-tarady-foto/

pixel