Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Италияда соңғы тәулікте коронавирустан алты жүзден астам науқас қайтыс болды

Опубликовано:

Қазіргі уақытта әлемде 274 000-нан астам адамнан коронавирус инфекциясы тіркелген. Олардың 11 375-і індеттен қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Джонс Хопкинс университеті зерттеушілерінің айтуынша, Италия құрбандар саны бойынша рекордтың ең жоғары деңгейіне жетті. Соңғы 24 сағат ішінде кәрі құрлық мемлекетінде коронавирус инфекциясы 627 адамның өмірін қиған.

Италияда аталған індетке 47 мыңнан астам адамның шалдыққаны белгілі болды.

Испанияда дертті жұқтырғандардың саны 20 мыңға жуықтады. Соның мыңнан астамы көз жұмды

Германия Федеративті Республикасында бұл вирусты жұқтырғандардың саны 15 мыңнан асып кетті. Кемінде он төрт адамның қаза болғаны белгілі.

Ал Францияда коронавирустан 450 адам қайтыс болды. Өткен тәулікте 78 науқас қаза тапты. Мемлекетті 12,5 мыңнан астам адам коронавирус инфециясын жұқтырған.

Естеріңізге сала кетейік, ресейлік дәрігер коронавирус пандемиясының аяқталу уақытын атаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846669-italiada-sogy-tulikte-koronavirustan-alty-zzden-astam-naukas-kajtys-boldy/

pixel