Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 60-қа жетті

Опубликовано:

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны 60-қа жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Ведомство мәліметінше, 22 наурыз 23:50-дегі жағдай бойынша, Алматыда бір адам коронавирус жұқтырған.

"Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында – 25 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, жалпы 60 науқас тіркелді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, кеше 22 наурызда елімізде тағы үш адамнан коронавирус анықталғаны хабарланды.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп науқастар жайлы тың ақпаратпен бөлісті. Оның сөзінше, пациенттің бірі Лондоннан ұшып келген шетелдік дипломат. 1976 жылы туған азамат Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846819-elimizde-koronavirus-infekciasyn-zktyrgandar-60-ka-zetti/

pixel