COVID-19 инфекциясы Алматыда тағы екі адамнан анықталды
Опубликовано:
Алматыда тағы екі адамнан коронавирус анықталды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, олардың сынамасы оң нәтиже көрсеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елімізде 24 наурыздағы жағдай бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 66-ға жетіп отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында тағы екі адамнан вирус анықталғанын хабарлаған едік.
Осылайша елордада пациенттер саны 34, Алматыда 28 адамды құрып отыр.
Сондай-ақ, Қарағандыда екі, Ақтөбе және Алматы облысында вирус жұқтырған бір-бір адамнан бар екенін айта кетейік.
Еске сала кетсек, COVID-19 инфекциясына байланысты Қазақстанда 16 наурызда бастап, 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған.
Ал еліміздің екі ірі қаласы Алматы мен Нұр-Сұлтанда вирустың таралуына жол бермес үшін 19 наурыздан бастап карантин режимі енгізілген.
Төтенше жағдай кезінде заңды талаптарды орындамаған азаматтар жауапкершілікке тартылады.
Мәселен санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының нұсқамаларын орындамағаны (ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі – 500 АЕК-ке дейін айыппұл) және санитариялық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзғаны үшін (ӘҚБтК-тің 425-бабы – 5 млн теңгеге дейін айыппұл) әкімшілік жауаптылық белгіленген.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846956-covid-19-infekciasy-almatyda-tagy-eki-adamnan-anyktaldy/