Алматыда коронавирус анықталған жаңа пациенттерге қатысты дерек шықты
Опубликовано:
Алматы қаласында соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандарға қатысты жаңа мәліметтер пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, 24 наурыздағы жағдай бойынша оңтүстік астанада COVID-19 инфекциясын жұқтырудың үш жаңа дерегі тіркелген.
Ресми сайттың дерегінше, олардың бірі – 1985 жылы туған, 19 наурызда Стамбул-Алматы рейсімен ұшып келген пациент. Екіншісі, Мәскеу-Алматы рейсімен ұшып келген бұған дейін вирусы анықталған пациентпен байланыста болған адам.
Пациенттердің жай-күйі – қанағаттанарлық.
Қазіргі уақытта Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханаларында 29 пациент ем қабылдауда.
Бүгінгі күні екі баланың жай-күйі орташа ауырлық деңгейінде, оның ішінде 1 бала оң динамикамен емделуде, қалған науқастардың жағдайы – қанағаттанарлық.
Провизорлық госпитальдарда 672 адам, карантинде – 598, үй карантинінде – 1549 адам бар.
Карантиндегі барлық адамның температурасы қалыпты жағдайда, катаралдық құбылыстар жоқ.
Қазақстандағы коронавирус бойынша 24 наурыздағы 12:00 сағаттағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 35, Алматы қаласында – 29, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында - 1 адамнан вирус анықталып отыр.
Жалпы алғанда елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 68 адам тіркелген.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1846972-almaty-koronavirus-anyktalgan-zaa-pacientterge-katysty-derek-sykty/