Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус қолма-қол ақша арқылы жұғуы мүмкін бе

Опубликовано:

Коронавирус пандемиясына байланысты есеп айырысу кезінде қолма-қол ақшаны пайдалануға бола ма? Бұл сұраққа ұлттық банктің қолма-қол ақша айналымы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Қажымұратовтың пікірінше, коронавирус инфекциясының таралу ықтималдығына қатысты пікір білдіру банк құзыретіне жатпайды.

"Әйтсе де қолма-қол ақшаны пайдалануға байланысты қауіп – есіктің тұтқасын, несие картасын немесе мобильді телефонды ұстап, пайдалану қаупінен жоғары еместігіне назар аудартамыз. Біз қолымызбен күнделікті ұстайтын қаншама зат бар. COVID-19 вирусы жұққан банкноттың айналымға түсу ықтималдығы төмен.
Ең бірінші кезекте банкнот ұзақ уақыт бойы инкассацияда сақталады. Ұлттық банктің ішкі нормативіне сәйкес, екінші деңгейлі банктерден түсетін қолма-қол ақша қайта есептелгенге дейін 45 күн бойы, ал есептелгеннен кейін 1 жылға дейін ашылмай жатуы мүмкін", - деді ол.

Қажымұратовтың айтуынша, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта "вирустың зат бетінде тұрақты сақталуы туралы мәлімет жоқ".

Ол коронавирстдың өміршеңдігі бірнеше факторға, атап айтқанда салыстырмалы температура мен ылғалдылыққа, сонымен бірге заттың беткі материалына байланысты болатынын түсіндірді.

"Қолма-қол ақшамен жұмыс істейтін кассалық жұмысшылардың жұмысын ескере отырып, дәл осы санаттағы азаматтарға қолды жиі жууға кеңес беріледі. Олар ДДҰ мен Денсаулық сақтау министрлігі берген кеңестерді ұстануы керек. Байланыссыз төлем жолдары арқылы вирустың таралу ықтималдығы төмен. Дүкендер мен дәріханаларда, онлайн саудада қолма-қол ақшасыз төлеммен есеп айырысуға кеңес береміз. Бұл байланыстың саны мен деңгейін төмендетіп, коронавирустың таралуына жол бермейді", - деді Жомарт Қажымұратов.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің екі ірі қаласы Алматы мен Нұр-Сұлтанда вирустың таралуына жол бермес үшін 19 наурыздан бастап карантин режимі енгізілген.

Айта кетейік, төтенше жағдай кезінде заңды талаптарды орындамаған азаматтар жауапкершілікке тартылады.

Мәселен санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының нұсқамаларын орындамағаны (ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі – 500 АЕК-ке дейін айыппұл) және санитариялық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзғаны үшін (ӘҚБтК-тің 425-бабы – 5 млн теңгеге дейін айыппұл) әкімшілік жауаптылық белгіленген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847251-aksa-arkyly-koronavirusty-zgatyny-ras-pa-lttyk-bank-resmi-mlimdeme-zasady/

pixel