Әйгілі Диордың музасы болған қазақ қызы туралы білесіз бе
Жарияланған күні:
Аты әлемге әйгілі кутюрье Кристиан Диордың музасы ретінде көбі Марлен Дитрих пен Митца Барикарды біледі. Осы арада сәнгерді зерттеуші биографтар тағы бір есімді атады, ол қазақ қызы – Алла Ильчун. Бірнеше жыл бойы бұл есім ұмытылып, соңғы кездері ғана аталып жүр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Bigpicture.ru-ға сілтеме жасап.
Ал атақты Диордың өзі оны бақ әкелер бойтұмарым деп таныған. Алла Ильчун Кристианның сән үйі құрылғаннан бері шебердің жанында болған.
Алла Ильчуннің отбасы жайлы ақпарат аз. Әкесі Қуантқан (кей деректерде Жуанхал) Ильчун теміржол инженері болып, Түрксіб құрылысына қатысқан. Саяси төңкерістің алдында ол Қазақстанға қайтудан бас тартып, Қытайда қалған.
Кейін Алла Ильчун мен анасы Еуропаға көшіп барады.
Олар Парижге барып, жалақысы төмен жұмыс істеуге мәжбүр болған. Алла бірнеше мейрамханада ыдыс жуушы боп күн көріпті.
Кенет Алланың құрбысы сән әлемінде өз орнын таппақ болады. Маңызды кастингтің біріне бара алмаған ол Ильчуннан көмек сұрайды.
Бұл кастинг Кристиан Диордың сән үйіне модель іріктеу бопты. Ол кездері Диор аса танымал емес, алайда болашағынан үміт күттірген шебер саналды.
Сол күні қазақ қызы өзінің келісті көйлегін киіп, биік өкше аяқ киіммен айтылған уақытта сән үйден табылған.
Алайда сән үйде жөндеу жұмыстары жүріп жатыпты. Таңғалған Алла жұмысшылардың бірімен сөйлесіп, біраздан соң үйіне қайтады.
Құрбысы мекенжайды дұрыс бермеді деп ойлаған оған бірнеше күннен соң Диор сән үйінен қоңырау шалып, жұмысқа қабылданғанын айтады.
Сөйтсе, бағанағы жөндеу жұмысы кастинг болған боп шықты, Алла сөйлескен жұмысшы Кристианның өзі екен.
Осыдан соң қазақ қызының қарапайымдылығы мен шығысқа тән сұлулығы модельердің жүрегін жаулап, ол Алланы сәттілік шақыратын бойтұмарым деп атаған.
Себебі Ильчуннің сән көрсетілімдегі әр шығысы Парижде біраз уақыт жаңалықтың басында тұрады екен.
Ең танымал кино және эстрада жұлдыздары қазақ қызының көрсетілімде киген көйлегін алуға дайын болған.
Алла Ильчун мен Кристиан Диордың жолы 10 жыл бойы бірлесе жалғасын тапқан.
Сәнгер дүние салған соң, Алланы Ив Сен Лоран шақырады. Онда ол табысты мансабын жалғастырады. Алла модельдік бизнестен өз қалауымен кеткен.
Алла Ильчун жасырын өмір сүрген деседі, оның қалай, қайда қайтыс болған жайлы ешкім білмейді. Модель із-түссіз жоғалған.
2018 жылы Франциядағы қазақтар ассоциациясының төрағасы Берлин Иришев париждік антикварлық салонның бірінен Леон Зейтлен қылқалам шеберінің туындысы Алла Ильчуннің портретін көрген.
Еске сала кетсек, белгілі фотограф бос қалған Алматы көшелерін суретке түсіргенін жазған болатынбыз.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847274-jgili-diordy-muzasy-bolgan-kazak-kyzy-turaly-bilesiz-be/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.