Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал дәрігер коронавирус жайлы басты сұраққа жауап берді

Опубликовано:

Дәрігер, тележүргізуші Евгений Комаровский ғаламтор қолданушыларынан SARS-CoV-2 вирусына қатысты келетін бірқатар сұрақтарға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Танымал дәрігер коронавирус жайлы басты сұраққа жауап берді
Фото: znaj.ua: UGC

Дәрігер баршаны өзін және жақындарын қорғауға шақырып, ғылым бұл мәселені шешкенше күтуге кеңес берді. Оның сөзінше, вирусқа қарсы вакцина мен тиімді препараттар әзірлену үстінде.

Дәрігер өз сөзінде коронавируспен бір рет ауырған адам оны екінші рет жұқтырып алуы мүмкін бе деген сауалға жауап берді.

Комаровский коронавируспен жыл сайын ауру мүмкіндігін жоққа шығармады. Алайда ол жыл өте вирус әлсірейді дегенді көбірек қолдайтынын айтты.

Комаровскийдің айтуынша, адамзат SARS-CoV-2-мен әлі бірнеше жыл күресуі ықтимал, дегенмен вакцина тек ауру қаупі басым адамдарға ғана қажет болады.

Дәрігер болжамынша, жердің 3/4 халқы вируспен ауырады, десе де басым көпшілігі бұл туралы білмейді, себебі ауру белгілерсіз өтеді.

Комаровскийдің пікірінше, көшеге шыққан адам өз өміріне қауіп төндіреді. Ол серуендегісі келетіндерге далаға таңда шығуға кеңес берді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір адам тіркелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847422-tanymal-driger-koronavirus-zajly-basty-srakka-zauap-berdi/

pixel