Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қоқыс таситын көлік жүргізушісі адамдарды бекеттен өткізбек болған

Опубликовано:

Алматы полициясы ақша үшін адамды бақылау бекетінен өткізбек болған қоқыс таситын көліктің жүргізушісінің ұсталғанын хабарлады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда қоқыс таситын көлік жүргізушісі жолаушыларды бекеттен өткізбек болған
Фото: Polisia.kz: Depositphotos

Оқиға Алматыда Ақын Сара мен Ақсай қиылысындағы бекетте орын алған. Тәртіп сақшылары 1994 жылы туған ер адам басқарған қоқыс тасығышты қарап шықты.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, ол 19 жастағы облыс тұрғынын қала шекарасынан ақшалай сыйақы үшін алып өтпек болған.

Алатау аудандық полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілхайыр бұл көлік өткізу әрекетінің іске аспағанын атап өтті. Тәртіп бұзушылар ұсталды. Екі адамға қатысты "ТЖ режимін бұзу" бабы бойынша әкімшілік іс жүргізу басталды.

Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілхайыр бұл көлік өткізу әрекеті табысты болмағанын атап өтті. Тәртіп бұзушылар ұсталды. Екі адамға қатысты "ТЖ режимін бұзу"бабы бойынша әкімшілік іс жүргізу басталды.

Олар 10 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеп, тіпті 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.

Әбілхайыр азаматтарға төтенше жағдайдың енгізілген тәртібі ережелерін сақтау туралы еске салды.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 125 адам коронавирусты жұқтырған.

Естеріңізге сала кетейік, 26 наурызда елімізде коронавирустан көз жұмған алғашқы науқас тіркелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847499-almatyda-kokys-tasityn-klik-zrgizusisi-adamdardy-beketten-tkizbek-bolgan/

pixel