Әлемде коронавирус тарап жатқанда 400 мыңнан аса Қазақстан азаматы елден шыққан
Жарияланған күні:
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі әлемде коронавирус індеті өршіп тұрған кезде қанша қазақстандықтың шетелге шыққанын жариялады. 27 ақпаннан бастап елімізден 400 мыңнан аса азамат шыққан деп хабардайды KAZ.NUR.KZ.
27 ақпан мен 23 наурыз аралығында Қазақстаннан 435 мың адам шыққан. Олар СІМ-нің сапарды кейінге шегеру туралы ұсыныстарына құлақ аспаған.
Қазақстандықтардың басым бөлігі жылы елдерге демалысқа аттанған. Бірі тікелей рейспен, енді бірі көршілес елдер арқылы ұшқан. Азаматтарымыз көбінесе Мысыр, Араб әмірлігі, Түркия, Таиланд және Мальдивке барған.
СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, әлемдегі жағдайға байланысты жолдамалар бағасы төмендегендіктен қазақстандықтар демалысқа белсенді түрде аттанған.
Қазақстан тікелей рейстерді қысқартқан кезде азаматтар шетелге Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан арқылы ұшқан. Қазақстандықтар көршілес елдер арқылы тек жылы мемлекеттерге ғана емес, Еуропаға да кеткен.
Әлемдегі коронавирустық жағдай өршіп кеткен кезде қазақстандықтардың бір бөлігіне елге оралу үшін дипломаттардың көмегі қажет болған.
Рейстер тоқтатылып, ел шекарасы жабылған соң қазақстандық елшіліктер шетелдік мемлекеттердің органдары арқылы азаматтардың мәселелерін шешулеріне тура келген.
Қазіргі таңда қазақстандықтардың басым бөлігі үйлеріне оралды. Кейбір азаматтар вирусқа қарамастан Еуропа мен АҚШ-та қалуға шешім қабылдаған.
Алайда министрлікке елге оралу үшін көмек сұрап, жүгінетін қазақстандықтар қатары әлі де көп. Олар көбінесе, өз бетінше билет алып, баспана жалдағандар.
Қазақстан билігінің Air Astana және Scat-пен келісім-шарт жасасқан. Соның негізінде отандастарымыз өз бетінше шыға алмаған елдерге борт жіберіледі.
Еске сала кетсек, соңғы деректерге сәйкес, елімізде инфекция жұқтырған 125 науқас тіркелді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847524-lemde-koronavirus-tarap-zatkanda-400-mynan-asa-kazakstan-azamaty-elden-sykkan/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.