Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда вирус жұқтырғандармен байланыс жасағаннан кейін төрт дәрігер оқшауланды

Опубликовано:

Төрт атыраулық медицина қызметкерлерінен Covid-19-ға сараптамалар алынды, сондай-ақ олар оқшауланды. Олар сараптама нәтижесі оң болып шыққан үш науқаспен байланыста болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Атырауда зардап шеккендермен байланыс жасағаннан кейін төрт дәрігер оқшауланды
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, №2 және №3 қалалық емханалардан екі медицина қызметкері оқшауланды. Олардың сараптамалары алынды. Алты сағаттан кейін нәтиже белгілі болады.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде осыдан кейін Атырауда барлық емханалардың карантинге жабылғаны туралы ақпарат пайда болды.

Алайда, ведомствода бұл қауесеттерді жоққа шығарып, медициналық мекемелер бұрынғы тәртіпте жұмыс істейтінін атап өтті.

Сондай-ақ, тексерілмеген және жалған хабарламаларды таратқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік бар екені еске салынды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда SARS-CoV-2 вирусын жұқтырудың екі жаңа жағдайы бүгін, 27 наурызда тіркелген. Осылайша, вирус жұқтырғандардың жалпы саны 137-ге дейін өсті.

Еске салсақ, 26 наурызда елімізде коронавирустан көз жұмған алғашқы науқас тіркелді.

Ол Ақмола облысының Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны болған. Зейнеткер дәрігерлер жүргізген шаралар мен терапияға қарамастан қайтыс болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847598-atyrauda-zardap-sekkendermen-bajlanys-zasagannan-kejin-trt-driger-oksaulandy/

pixel