jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Елімізде коронавирусқа шалдыққандар саны 200-ге жуықтады

: Twitter

28 наурыздағы таңертеңгі деректерге сәйкес, Қазақстанда коронавирус жұқтырудың тағы 41 оқиғасы тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Қазақстанда тағы 41 адамнан коронавирус анықталды. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтанда – 32, Алматыда – 2, Шығыс-Қазақстан облысында – 2, Ақмола облысында – 2, Алматы облысында – 1, Қызылорда облысында – 1, Атырау облысында – 1 инфекция жұқтыру оқиғасы тіркелді.

Осылайша, қазіргі таңда елімізде коронавирусқа шалдыққандар саны 191 адамға жетіп отыр. Өңірлер бойынша жағдай төмендегідей:

Нұр-Сұлтанда – 107 оқиға,

Алматыда – 57 оқиға,

Қарағандыда – 4 оқиға,

Жамбыл облысында – 3 оқиға,

Атырау облысында – 4 оқиға,

Ақмола облысында – 5 оқиға,

Шымкентте – 2 оқиға,

Шығыс-Қазақстан облысында – 2 оқиға,

Алматы облысында – 2 оқиға,

Ақтөбе облысында – 1 оқиға,

Солтүстік Қазақстан облысында – 1 оқиға,

Павлодар облысында – 1 оқиға,

Маңғыстау облысында – 1 оқиға,

Қызылорда облысында – 1 оқиға.

Естеріңізге сала кетейік, 26 наурызда елімізде коронавирустан көз жұмған алғашқы науқас тіркелді.

Ол Ақмола облысының Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны болған. Зейнеткер дәрігерлер жүргізген шаралар мен терапияға қарамастан қайтыс болған.

13 наурыз бен 17 наурыз аралығында әйел адамның Алматы мен Шу қалаларында қонақта болғаны анықталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Елімізде коронавирусқа шалдыққандар саны 200-ге жуықтады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.