Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жол жабылды": Алматы облысында мұғалімдер жалған ақпарат таратқан

Опубликовано:

Алматы облысында мектеп мұғалімдері Өтеген батыр кентіне баратын көлік жолдары жабылады деген жалған ақпарат таратқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Алматы облыстық прокуратурасының мәліметінше, WhatsApp мессенджерінде Іле ауданы Өтеген батыр кентінің №13 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері Байсерке ауылынан Өтеген батыр кентіне коронавирус індетінің таралуы себебінен көлік жолдары жабылады деген жалған ақпарат таратқан.

Шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратушылар 28 наурызда анықталып, Іле ауданы полиция басқармасына жеткізілді. Олармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Кінәлі тұлғалар істеген іс-әрекеттеріне өкінетіндерін білдірді.

Осыған байланысты, Алматы облысы прокуратурасы азаматтарды үрейге берілмеуге, сабырлық танытуға, жалған хабарламаларды таратпауға шақырады.

Барлық ақпарат құзырлы органдардың ресми ресурстарында жарияланып отырады.

Жалған ақпарат таратқан үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін құзырлы органдардың қызметкерлері қатаң ескертеді.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған екі адам тіркелді. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясына шалдыққандар саны 267- ге жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847768-zol-zabyldy-almaty-oblysynda-mgalimder-zalgan-akparat-taratkan/

pixel