Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан транзиттік жолаушылар үшін 72 сағаттық визасыз режимді тоқтатты

Опубликовано:

Қазақстан 1 шілдеге дейін транзиттік жолаушылар үшін 72 сағаттық визасыз режимді тоқтатты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

72 сағат
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Аталмыш құжат премьер-министрдің ресми ақпараттық ресурсында пайда болған.

"Қазақстан Республикасына келудің, болудың және одан кетудің жетпіс екі сағаттық визасыз режимінің қолданылуы бөлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 388-құжат) бекітілген көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуы 2020 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын", - делінген үкімет қаулысында.

Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілген.

Еске сала кетейік, қаңтар айының соңында үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссия Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша бірқатар қосымша қорғану шараларын қабылдағаны белгілі болды.

Соған сәйкес, автобус, пойыз, әуе арқылы жолаушылар тасымалдау уақытша тоқтатылған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847843-kazakstan-tranzittik-zolausylar-sin-72-sagattyk-vizasyz-rezimdi-toktatty/

pixel