Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде бір тәулікте 302 адам коронавирус жұқтырған

Опубликовано:

Ресей елі аумағында соңғы тәулік ішінде коронавирус жұқтырудың жаңа 302 фактісі анықталды. Жедел штабтың ақпараты бойынша, оқиғалар Ресейдің 35 аймағында байқалып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Телеграмдағы "Коронавирус. Оперштаб Москвы" арнасына сілтеме жасап.

Ресейде 1 тәулікте 302 адам коронавирус жұқтырған
Фото: pixabay.com: UGC

Ведомство болса, өткен тәулікте 2 адам ғана инфекциядан айығып үлгергенін хабарлады.

Жаңадан инфекция жұқтырғандар Владимир және Вологда облыстарында, Марий Элде, Қалмақия және Алтай өлкесінде анықталды. Сондай-ақ, Псков облысында ір өлім оқиғасы туралы белгілі болды.

Хабарламада соңғы тәулік ішінде індетке шалдыққандардың көбі Мәскеуде анықталған – 212 адам.

Одан өзге, жедел штабтың айтуынша, коронавирустың жаңа 102 фактісінің ішінде көбі 18-ден 40 жасқа дейінгі азамат пен азаматшалар екенін хабарлады. Онымен қоса, 17 баланың COVID-19 жұқтырғаны расталып отыр.

Ресей еліндегі коронавирусқа шалдыққан науқантар саны 1836, олар елдің 71 аймағынан анықталған. Аса қауіпті вирус Ресей елінде пайда болған кезден бастап бүгінге дейін онда 9 адам көз жұмып, 66 адам жазылып шыққан.

Cоңғы деректер бойынша, Қазақстанда қауіпті дертке шалдыққандардың саны 294-ке жетті. Оның жетеуі Алматы облысында тіркелді.

Айта кетсек, 30-шы наурыздан бастап, Атырау, Қарағанды, Теміртау, Саран, Абай және Шахтинск қалалары каратинге жабылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847937-resejde-bir-tulikte-302-adam-koronavirus-zktyrgan/

pixel