Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"3,5 мыңнан аспайды": Біртанов Қазақстандағы коронавируске қатысты болжам айтты

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстандағы коронавируске қатысты жағдай бойынша болжамын мәлім етті. Ведомствоның есептеуінше, елімізде COVID-19 инфекциясына шалдығатындардың саны 3 500 адамнан аспайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елжан Біртанов. Фото: NUR.KZ
Елжан Біртанов. Фото: NUR.KZ: Original

Елжан Біртановтың айтуынша, бастапқыда Қазақстан бойынша болжамдар аса "қатаң" болған. Себебі, бір адам бірден үш немесе төрт азаматқа жұқтыру мүмкін еді. Алайда, еліміздің бірнеше қаласы мен облыстарына карантин мен ТЖ режимі енгізілгеннен кейін болжамдар жақсара түскен.

Министрлік басшысы эпидемияның шарықтау шегі сәуір айына келіп түсетінін мәлімдеді. Қазақстан індеттің жайылуы тоқтағаннан кейін де, вирустан толығымен құтылу мақсатында төтенше жағдай мен карантин режимін сақтауды жалғастыратын болады.

Елімізде коронавируске шалдығатындардың саны 3500 адамнан аспайды деп күтілуде. Қазіргі таңдағы басты мақсат - індеттің шарықтап кетуіне жол бермеу. Бұл жағдай орын алса дәрігерлердің жұмысы ауырлап, дәрі- дәрмек саны айтарлықтай азая түспек.

Біртановтың айтуынша, бүгінде Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың ең көп оқиғасы 28 наурызға келіп түсті. Ол күні бір тәулік ішінде 78 науқас тіркелген болатын. 29 наурыз күні қауіпті вирусты 56 адам жұқтырғаны белгілі болды.

Еске сала кетейік, қазіргі таңда елімізде коронавируске 302 адам шалдыққан. Сегіз азамат ауыр халде жатса, 30 адамның жағдайы орташа деңгейде болып тұр. 244 тұрғында тіптен вирустың белгілері жоқ. Алайда, олардың тапсырған сынақтары оң нәтиже көрсеткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1847989-35-my-naukastan-aspajdy-birtanov-kazakstandagy-koronaviruske-katysty-bolzam-ajtty/

pixel