Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖ кезінде қызына Ұзату той жасаған қазақстандық жауапқа тартылды (видео)

Опубликовано:

Қызылорда облысында құқық қорғау органдары қызметкерлері елде жарияланған төтенше жағдайға қарамастан, қызының құрметіне той ұйымдастырған қазақстандықты анықтап, жауапкершіліккке тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Ақ Жайық
Көрнекі фото: Ақ Жайық: Instagram

Жақында әлеуметтік желіде ауылды жерде ұйымдастырылған салтанатты шараның видеосы пайда болған еді. Кадр сыртындағы мәтін тойдың 27 наурыз күні өтіп жатқанын хабарлаған.

Тәртіп сақшылары видеоның Қызылорда облысында түсірілгенін, елді мекенде ауыл тұрғыны қызына Ұзату той жасағанын анықтады.

Нәтижесінде қазақстандық жауапқа тартылды: сот оған 26 510 теңге айыппұл салды деп жазады Polisia.kz.

Жалпы алғанда коронавирусқа байланысты шектеу шаралары енгізілгеннен бастап өңір аумағында той ұйымдастырған 13 адам жазаға тартылды.

Қызылорда коронавирустың тарауына байланысты шектеу шаралары енгізілген қалалар қатарына енді. Күні кеше Қызылорда облысының жаңа әкімі Гүлшара Әбдіхалықова қауіпсіздік шаралары күшейтілгенін хабарлады. Осыған дейін өңірде 318 адам карантинде жатқан еді. Дәрігерлер мен мемлекеттік орган мамандары күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848032-tz-kezinde-kyzyna-zatu-toj-zasagan-kazakstandyk-zauapka-tartyldy/

pixel