Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандар тұрған үйлерді жауып тастайды

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырудың оқиғасы анықталған пәтерлер мен үйлердің подъездерін жауып тастайтын болады. Қауіпті нысандарға кіріп-шығудың күзетін полиция қызметкерлері қамтамасыз етеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original

Бұл туралы елордалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді. Ол пәтерлер мен үйлердің кіреберісін оқшаулау мәселесіне қатысты қаулы күшіне енгенін хабарлады.

Оған сәйкес, коронавирус жұқтырған азамат тұрған үй подъездіне кіру мен одан шығу шектеледі. Подъезд толығымен жабылады. Тұрғындар далаға шыға алмай, бөтен адамдар керісінше ішке кіре алмайды.

Оған қоса, науқас тұрған пәтер де жабылады. Оның алдында полиция қызметкерлері күзетіп тұрады. Тұрғындарға қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмектер жақын маңдағы дүкендер мен дәріханалардан жеткізілетін болады.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанда коронавирус салдарынан болған екінші өлім оқиғасы тіркелді. Нұр-Сұлтанда қауіпті індеттен 50 жастағы ер адам қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, ол бір ай бойы ауырып жатса да, ауруханаға жүгінбеген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848118-nr-sltanda-koronavirus-zktyrgandar-trgan-jlerdi-zauyp-tastajdy/

pixel