Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дене туыстарына берілмейді: Қазақстанда коронавирус құрбандарын қалай жерлейді

Жарияланған күні:

Еліміздің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Қазақстанда коронавирустан қайтыс болған адамдарды жерлеу тәртібі бекітілген жарлыққа қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: spd-surgut.ru
Көрнекі фото: spd-surgut.ru: Facebook

Жарлыққа сәйкес, коронавирустан көз жұмған адамның денесі оның туыстарына берілмейді және сойылмайды.

Егер де қайтыс болған адамға COVID-19 диагнозы қойылмаса, бірақ вирусқа байланысты күмән болса, денені оның туыстарына бермес бұрын инфекцияға сараптама жасалады. Сараптама нәтижесі белгілі болғаннан кейін ғана денені туыстарына беру-бермеу жөнінде шешім қабылданады.

Сондай-ақ марқұмның денесі тоңазытқыш камерада алдын ала дезинфекциялық ерітіндімен жуылып, төсек жаймаға оралып сақталуы тиіс.

Қазақтар дәстүр бойынша денені табытқа салмайды. Бұл жағдайда коронавирустан көз жұмған адамның денесін дезинфекциялық ерітінді сіңірілген төсек жаймаға орап, сыртынан полиэтиленді пленкамен қаптайды. Артынан қайтадан тығыз матамен орайды.

Дене жерленетін жерге металл немесе ағаш табытқа салынып жеткізілуі тиіс.

Марқұмның денесі жерлеу рәсімі кезінде де табытта болуы қажет. Жерлеу рәсіміне тек марқұмның туыстары ғана қатыстырылады.

Денені молаға жеткізетін және жерлеу әрекетін жүргізетін 5-7 адамнан тұратын топты санэпидемиялық қызмет мамандары ертіп жүреді.

Жерлеу рәсіміне қатысқан адамдардың барлығы екі апта бойы дәрігерлердің бақылауында болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова оңтүстік астанада коронавирустан көз жұмғандарды жерлеуге арналған аумақтың анықталғанын айтқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848215-dene-tuystaryna-berilmejdi-kazakstanda-koronavirus-krbandaryn-kalaj-zerlejdi/