Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Африкада эпидемия басталғалы бері 5 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған

Опубликовано:

Африка одағы құрлықта эпидемия басталғалы бері коронавирус жұқтырудың 5 255 оқиғасы тіркелгенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: afro.who.int
Фото: afro.who.int: Facebook

Өңірлік одақтың мәліметіне сәйкес, вирус Африканың одаққа мүше 55 мемлекетінің 49 елінде анықталған. Инфекцияның салдарынан 173 адам көз жұмған, ал 371 науқас вирустан жазылып шыққан.

Вирустың неғұрлым кең таралуы Солтүстік Африка елдерінде байқалды – Мысырда – 656 және Алжирде – 582 жағдай тіркелген.

Мысырдың денсаулық сақтау министрлігі дүйсенбі күні елде бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа 47 дерегі тіркелгенін мәлімдеді. Ал аурудан қаза болғандардың жалпы саны – 41 адам.

Айта кетейік, АҚШ-та коронавирус індетінен көз жұмғандар саны 3 мың адамнан асты.

Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған америкалықтардың саны 163 мыңнан асып жығылады.

Осылайша, АҚШ COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар бойынша әлемде көш бастап тұр. Эпидемия ошағы болып саналатын Қытайдағы көрсеткіш бұдан екі есе аз.

Ал пандемиядан құрбан болғандардың алдыңғы қатарында Италия, Испания, Қытай тұр. Бұл тізімде АҚШ – төртінші орында.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848229-afrikada-epidemia-bastalgaly-beri-5-mynan-astam-adam-koronavirus-zktyrgan/

pixel