Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Біз біргеміз: Тоқаев күрделі кезеңде халықты төзімді болуға шақырды

Опубликовано:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телеарналар арқылы жасаған үндеуінде барша азаматтарға қолдау көрсетілетінін, ешкімнің көмексіз қалмайтынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Біз біргеміз: Тоқаев күрделі кезеңде халықты төзімді болуға шақырды
Фото: Ақорда: Facebook

Мемлекет басшысы коронавирусқа байланысты басымыздан күрделі кезеңді өткізіп отырғанымызды айтты.

"Бірақ, бұл – уақытша қиындық. Біз оны міндетті түрде жеңеміз! Бүкіл әлем күресуде. Біз де бар күш-жігерімізді саламыз. Біз, мемлекет және қоғам болып барша азаматтарымызға қолдау көрсетеміз, ешкімді көмексіз қалдырмаймыз. Мұқтаж адамдарға қол ұшын береміз. 
Бұған ешқандай күмән болмауы керек. Ең бастысы, шыдамдылық, төзімділік және жауапкершілік танытайық. Біз – рухы асқақ, бірлігі бекем, еңсесі биік халықпыз. Сондықтан, бұл сынақтан да сүрінбей өтіп, қиындықты бірге еңсереміз деп сенемін. Басты тойларымыз әлі алда. Төрт құбыламыз түгел болсын, ағайын! Біз біргеміз!", - деді мемлекет басшысы.

Айта кетсек, мемлекет басшысы 42 500 теңге көлемінде берілетін көмекті алатындар санатын кеңейтуді тапсырғаны белгілі болды.

"Табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде қолдау көрсеттік. Енді, 42500 теңге көлеміндегі осы көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді тапсырамын", - деді президент.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848246-biz-birgemiz-tokaev-krdeli-kezede-halykty-tzimdi-boluga-sakyrdy/

pixel