Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путинмен кездескен дәрігерден коронавирус анықталды

Опубликовано:

Мәскеу қаласы №40 клиникалық ауруханасының бас дәрігері Денис Проценкодан коронавирус анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Денис Проценко. Фото: РИА Новости / Евгений Биятов
Денис Проценко. Фото: РИА Новости / Евгений Биятов: Facebook
"Қымбатты достар, сіздердің алаңдаушылық білдіргендеріңіз қатты елжіретті. Иә, коронавирусқа тапсырған сынамам оң нәтиже көрсетті, бірақ өзімді айтарлықтай жақсы сезініп тұрмын. Өз кабинетімде оқшауландым, мұнда қашықтықтан жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасалған", – деп жазды дәрігер Facebook парақшасында.

Айта кетейік, өткен аптада бұл ауруханаға Ресей президенті Владимир Путин келген. Ол Проценкомен кездесіп, медициналық мекеменің ұжымымен әңгімелескен.

Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков президенттің жүйелі түрде коронавирусқа тексеріліп жатқанын айтып, барлығы дұрыс екенін жеткізді.

Соңғы деректерге сәйкес Ресейде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 2337 адамға жеткен (1613-і Мәскеуде). Олардың 121-і жазылып, 17-сі көз жұмған.

Ал өзіміздің елдегі жағдайға келсек, коронавирус анықталған адам саны 343-ке жетіп отыр. 1 сәуір 01.45-тегі мәлімет бойынша вирус Атырау облысында тағы үш адамнан табылған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848273-putimen-kezdesken-drigerden-koronavirus-anyktaldy/

pixel