Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі писхолог үйде отырған қазақстандықтарға кеңес берді

Опубликовано:

Орталық Азиядағы психоанализ институтының директоры, психоаналитик Анна Құдиярова карантин кезінде үйде отырған тұрғындарға уақытты тиімді пайдаланудың жолын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақпаратқа сітеме жасап.

Белгілі писхолог үйде отырған қазақстандықтарға кеңес берді
Фото: Sputnik / Қарлыға Бүйенбай: UGC

Психологтің сөзінше, карантин кезінде балалық шақтан келе жатқан армандарды орындауға таптырмас кезең.

"Бала кезден армандаған үш тілегіңізді есіңізге түсіріңіз және ол не үшін әлі күнге дейін орындалмағаны туралы ойлаңыз. Мысалы, маған бірнеше жыл бұрын қатерлі ісік дертіне шалдыққан ер адам келді. Оның емі сәтті жүріп жатса да, денсаулығына қатысты шағымы көп болған екен. Онкологтар оған психологиялық көмек қажет екенін түсініп, маған жіберген.
Мен одан бала кезден орындалмай келе жатқан үш тілегі туралы сұрап едім, ол шетелге жиі баратынын, тілектерінің бәрін орындап тастағанын айтты. Одан кейін сәл ойланып тұрды да, жылап жіберді. 90-жылдары Adidas спорттық киімі сәнді еді. Әлгі ер адамның ата-анасы оған сол киімді алып беруге жағдайы болмапты.
Ол ержетіп, кәсіпкер болып кеткен соң костюмдердің түр-түрін алған, бірақ Adidas алу ойына келмепті. Мен оған дәл сол брендтің спорттық киімін алып, киюі керек деген тапсырма бердім. Тапсырмамды орындаған кезде ол бақытты күйде болды. Осы сияқты елеусіз қалған тілектеріңізді еске түсіріңіз. Мүмкін көптен бері оқылмай қалған кітабыңыз бар шығар? Мүмкін домбыра шертуді үйренгіңіз келетін шығар? Мүмкін көптен бері хабарласуға уақыт таппаған құрбыңыз бар шығар? Сол құрбыңызға видео арқылы хабарласып, жақсы естеліктерді еске түсірсеңіздер болады", - дейді психолог.

Анна Құдиярованың сөзінше, дәл қазіргі сәт адамдардың бойында шығармашылық қабілеттерді дамытуға мүмкіндік береді.

"Әлеуметтік желілерден коронавирусқа қатысты қаншама күлкілі анекдот, өлең жолдары мен ән естуге болады. Сізге осылай көңіл-күй сыйлап отырған дәл өзіңіздей адамдар емес пе? Қазір өзіңді шығармашылық тұрғыда жетілдіруге ең қолайлы кезең. Әлдекім "Коронавирус туралы кім үздік өнер көрсетеді?" деген тапсырма беріп, сол тақырыпта әлемдегі адамдарды сайыстырып қойғандай. Ал әзілсіз айтар болсақ, зерігу – күйзеліске түсудің белгісі. Зерігіп кеткен адам қуаты біткелі тұрған ұялы телефонға ұқсайды. Оны қуаттайтын құрал әр адамның өз ішінде.
Зерігу күйзеліс сипатына ие болған жағдайда ұйқыны қандырып, ағзаны қалыпқа келтіріп, одан кейін барып қуат алуға көшу керек. Ең алдымен, сіздегі зерігу сезімі уақытша құбылыс немесе созылмалы күйзеліс екенін түсініп алыңыз" , - дейді маман.

Сондай-ақ, психолог карантин кезінде ережелерге бағынбай, қауіпсіздік шарттарын орындамайтын қарттардың барын алға тартып, оларға жағдайды қалай түсіндіруге болатынын сөз етті.

"Коронавирус адам бойында үрей тудырады. Сондықтан да кейбір ата-әжелер оның бар екенін мойындамай, ол туралы тыңдағысы да келмейді. Коронавирус проблемасын мойындамағандықтан қауіпсіздік шараларын қолданудан бас тартып, өзіңе ұрсып тастауы мүмкін. Сізге олардың ойымен санасып, тіл табысуға тура келеді. Олармен ойын ойнап, материалдық тұрғыда ынталандыруыңызға болады.
Мысалы, егер далаға шықпасаңыз – осындай сыйақы, егер қонаққа бармасаңыз – одан көбірек, ал үй ішінде қауіпсіздік шараларын сақтап жүрсеңіз – тіптен көп сыйақы беретініңізді айтып, ынталандыруыңыз керек. Бір үйде тұрғанмен, жиі шаң сүртіп, терезені ашып, мүмкіндігінше әр бөлмеде болуға тырысыңыздар.
Ал тіптен түсінбей, далаға шығуға ұмтылатын болса "Ата, әже, сіздер біз үшін өте қымбатсыздар. Далада қазір өте қауіпті, денсаулықтарыңызға зиян келтіріп алам ба деп қорқамын. Сәл шыдайықшы" деп сабырмен түсіндіру керек", - дейді Анна Құдиярова.

Маманның сөзінше, карантин кезінде жақындарына ашу-ызамен ауыр сөздер айтып, оларды ренжітіп алудан аулақ болған дұрыс. Сондай-ақ, Анна ханым арасы алшақтап, ажырасуды ойлап жүрген жұптар болса, оларға да өз кеңесін берді.

"Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды", бірақ дәл осындай жағдайда ажырасу туралы ойдан аулақ болыңыз. Осындай кезде асығыс шешім қабылдап қойсаңыз – кейін өкінесіз. Мысалы, ашу үстінде ауызға келгенді айтып, жақын адамның жанын жаралап алуыңыз мүмкін. Ажырасуға кез келген уақытта үлгересіз, бірақ дәл қазір асығыстық танытпаңыз. Егер үй жағдайындағы карантин кезінде жарыңызға, әкеңізге, анаңызға, ағаңызға, бауырыңызға немесе қарындасыңызға ашуланып жүрген болсаңыз – аузыңызды ашпаңыз.
Қатты ашу қысқан кезде үш минут үнсіз қалуға тырысыңыз, оған күшіңіз жетсе үш сағат, одан кейін үш күн, тіпті үш аптадан үш айға дейін өзіңізді ұстай біліңіз. Үш ай өткен соң ашу үстінде айтқыңыз келген сөздердің қаншалықты мәнсіз, мағынасы жоқ екенін түсінесіз. Ажырасудың көбі ашуланған кездегі алғашқы үш минутта айтылған сөздердің кесірінен болады", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін тағы бір белгілі психолог Серікгүл Сәлі карантин кезінде көпшілікке уақытты қалай тиімді өткізуге болатынын айтып берген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848288-belgili-pisholog-jde-otyrgan-kazakstandyktarga-kees-berdi/

pixel