jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Сәуірде күн 30 градусқа дейін жылынады

: Facebook

"Қазгидромет" РМК 2020 жылғы сәуір айына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің мәліметінше, сәуір айында ауа райы жылы болады, тіпті, кей өңірлерде ауа теспературасы 30 градусқа дейін көтеріледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Орталықтың мәліметінше, сәуір айының ішінде барикалық құрылымдардың жиі ауысуына және атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын, көбінесе жаңбыр, екпінді жел және температураның ауытқуы күтіледі.

Бірінші онкүндіктің басында температураның негізгі фоны еліміздің солтүстік бөлігінде түнде -5+5°C, күндіз +7+18°С, оңтүстік бөлігінде түнде +5+13°C, күндіз +15+23°С, қиыр оңтүстікте +28°С құрайды.

Онкүндіктің ортасында Ресейдің еуропалық аумақтарынан антициклонның кіруіне байланысты ауа температурасы елдің солтүстік бөлігінде түнде -3-8°С-қа дейін, күндіз +2+10°C-қа дейін, оңтүстік бөлігінде түнде +3+8°C-қа дейін, күндіз +10+15°С-қа дейін, қиыр оңтүстігінде +22°С-қа дейін төмендейді.

Екінші онкүндіктің ортасында және үшінші онкүндіктің екінші жартысында екі суыту толқыны күтіледі.

Осылайша, елдің солтүстік бөлігінде түнде -3 +7°С-қа, күндіз +2+13°С-қа дейін, оңтүстік бөлігінде түнде 0, +10°С-қа, күндіз + 12 +22°С-қа дейін төмендейді.

Екінші және үшінші онкүндікте жылы ауа массасына байланысты күндізгі уақытта ауа температурасы солтүстік өңірлерде +17+22°С-қа дейін, оңтүстік өңірлерде +25+30°С-қа дейін көтеріледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін ресейлік маман жылы ауа райынан коронавирус өледі деген пікірді жоққа шығарған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Сәуірде күн 30 градусқа дейін жылынады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.