Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Ауруханаға түскен науқастар туралы айтқан дәрігер көзіне жас алды

Опубликовано:

Коллин Смит есімді америкалық медбике жаңа коронавирус инфекциясы бар пациенттердің көптеп келуіне байланысты медициналық мекемедегі жағдайды баяндап берді. Оның айтуынша, ауруханаға мәйіттерді сақтау үшін бөлек мобильді қорапқа тапсырыс беру керек болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дәрігер коронавируспен ауруханаға түскендердің жағдайын баяндап отырып көзіне жас алды
Фото: Видеодан кадр: UGC

Видеода Смит өзі жұмыс істейтін ауруханада не болып жатқанын және жұмыс күндерінің қалай өтіп жатқаны туралы әңгімелейді.

Медбикенің айтуынша, жұқтырғандардың саны айтарлықтай көп, сондықтан желдеткіштер мен өмірді қамтамасыз ететін басқа да құралдардың апатты түрде жетіспеуі байқалады.

Оның айтуынша, адамдар көптеп көз жұмып жатыр. Дәрігерлер қайтыс болған адамның денесін сақтау үшін авто-тоңазытқыш келіп жеткен.

Оның айтуынша, жақын арада ресурстардың жетіспеушілігі белең алады.

"Ештеңе жақсы емес. Дамыған Америкада тұрып жатқанымызға қарамастан науқастарды емдеу үшін қарапайым материалдар мен құрылғылар жоқ", - деді ол.

Ол дәрігерлердің күніне 400 адамды қарайтынын айтты.

"Бастапқыда біз жөтел мен безгегі бар науқастарды басқа азаматтардан бөлуге тырыстық. Мұндай белгілері жоқ басқа пациенттерге біз мұқият қарамадық. Нәтижесінде уақыт өте келе тек іштің ауыратындығына шағымданатындардың көпшілігі вирус жұқтырғаны белгілі болды. Бізде ауру жұқтырған көптеген науқастар болған, бірақ кейін біз оларға назар аудардық", - деді медбике.

Видеоның соңында ол қазіргі таңда дәрігерлердің күші таусылып жатқанын сөз етті. Олардың тіпті пациенттерден негізгі қорғанысы жоқ.

"Осы видео үшін опық жесем де маған бәрібір. Мен тек адамдардың жағдайдың қаншалыты нашар екенін білсе екен деймін", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Лондонда 13 жастағы жасөспірім коронавирустан көз жұмды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848370-koronavirus-auruhanaga-tsken-naukastar-turaly-ajtkan-driger-kzine-zas-aldy/

pixel