Бас санитар: Қауіпті коронавирус инфекциясы ел ішінде тарауға көшті
Опубликовано:
Жақында Қазақстанның бас санитар дәрігері лауазымын иеленген Айжан Есмағаметова елдегі коронавирус "іштей тарауға" көшкенін мәлімдеді. Егер бастапқыда инфекция сырттан келсе, қазір көбі ауруды бір-бірімен байланысу арқылы жұқтырып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Осы сағатта Қазақстанда 369 науқас тіркелген, олардың ішінде тек 91-і сырттан келген. Ал науқастардың 70 пайызы қауіпті инфекцияны ел ішінде бір-бірімен байланысу арқылы жұқтырған. Есмағамбетованың сөзінше, вирус біздің арамызда, яғни, қазір вирустың іштей таралуы болып жатыр.
Науқаспен байланысқан әр тұлға қатерлі инфекцияны тағы төрт адамға жұқтыруы мүмкін. Бүгінде COVID-19 індетін жұқтырмаудың бірден-бір амалы- үйден шықпау және басқа адамдармен байланысқа түспеу.
Сонымен қатар, адамдар үйлерін жиі желдетіп, ылғалды тазарту жүргізіп, дезинфекцияға арналған ультракүлгін сәулелерді пайдалану қажет.
Айта кетейік, бүгін, 1 сәуірде елімізде коронавирустық инфекциядан көз жұмған тағы бір науқас тіркелді. Марқұмның өліміне қатысты мән-жай белгілі болды.
Ал соңғы мәліметтермен бөліскен Есмағамбетова өз қызметінде ұзақ жылдар отырған Жандарбек Бекшинді жақында ғана алмастырған еді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848421-bas-sanitar-kauipti-koronavirus-infekciasy-el-isinde-tarauga-ksti/