Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде маскасыз дүкенге кіргізбей, тіпті айыппұл салынуы мүмкін бе

Опубликовано:

Карантин уақыты мен вирус тез таралып жатқан кезде медициналық маска тағу - қорғанудың алғышарты болып саналады. Маска кимеген азаматтар супермаркеттер мен дүкенге кіргізілмеуі мүмкін бе? KAZ.NUR.KZ анықтап көрді.

маска
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Дүкенге кіргізбеуі мүмкін бе?

Иә, расымен де супермаркет, дәріхана және басқа ұйым қызметкерлері жеке қорғаныш заты жоқ, әсіресе медициналық маскасыз адамдарды ғимаратқа кіргізбеуге құқылы.

Бұл норма карантинді күшейтуі бойынша Алматы штабының хаттамасында, 6 тармағында жазылған.

Маска болмаса айыппұл салуы мүмкін бе?

Полиция департаментінің атйуынша, қала көшелерінде маскасыз жүргендерге ескерту жасалып, жеке қорғаныш заттарын киюге кеңес беріледі. Алайда бұл үшін айыппұл салынбайды.

Айыппұл карантин ережесін бұзған жағдайда, мәселен көшеге себепсіз шыққан кезде салынуы мүмкін.

Бұған дейін неге сау адамдарға маска киюдің қажеті жоқ деп айтты?

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бұған дейін расымен де медициналық маскаларды тек науқас адамдарға киюге кеңес беріліп, дені сау адамдар үшін қажеті жоқ екені айтылған.

Алайда эпидемиологиялық жағдайдың жылдам өзгеруіне байланысты көшеде вирус жұқтырып алу қаупі бар. Дәл сол себепті ғимарат сыртында және ішінде адамдардың ара-қашықтығы екі метр болу керек деген ереже жасалды. Сондай-ақ қорғаныш заттарын кию міндеттелді.

Еске сала кетсек, соңғы мәліметтер бойынша елімізде 369 коронавирус жұқтырған науқас тіркелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848423-elimizde-maskasyz-dkenge-kirgizbej-tipti-ajyppl-salynuy-mmkin-be/

pixel