Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

372-ге жетті: Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы үш адам тіркелді

Опубликовано:

Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы үш адам тіркелді. Осылайша, елімізде COVID-19 инфекциясына шалдыққандар саны 372-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Коронавирус індетін жұқтырған тағы үш адамның біреуі Қызылорда облысынан, екіншісі Ақтөбе облысынан, ал үшіншісі Алматы облысынан анықталды.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 184 адам, Алматы қаласында – 84 адам, Қарағанды облысында - 14 адам, Ақмола облысында - 16 адам, Атырау облысы - 16 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 3 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 9 адам, Ақтөбе облысында - 4 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 3 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 25 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 5 адам, жалпы 372 науқас тіркелді.

Айта кетейік, жақында Қазақстанның бас санитар дәрігері лауазымын иеленген Айжан Есмағаметова елдегі коронавирус "іштей тарауға" көшкенін мәлімдеді. Егер бастапқыда инфекция сырттан келсе, қазір көбі ауруды бір-бірімен байланысу арқылы жұқтырып жатыр. Науқаспен байланысқан әр тұлға қатерлі инфекцияны тағы төрт адамға жұқтыруы мүмкін. Бүгінде COVID-19 індетін жұқтырмаудың бірден-бір амалы- үйден шықпау және басқа адамдармен байланысқа түспеу.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848433-372-ge-zetti-kazakstanda-koronavirus-zktyrgan-tagy-s-adam-tirkeldi/

pixel