Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Израильдің денсаулық сақтау министрі коронавирус жұқтырды

Опубликовано:

Израиль Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Яаков Литсманның ағзасынан жаңа коронавирустық инфекцияның бары анықталды. Қазіргі таңда ол әйелімен бірге карантинге жатқызылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Израильдің денсаулық сақтау министрі коронавирус жұқтырды
Фото: news.israelinfo.co.il: UGC

Министрлікте хабарланғандай, коронавирус тек шенеуніктен ғана емес, оның әйелінен де табылған деп жазады Jerusalem Times.

Екеуі де карантинге жатқызылды. Министр үйде оқшауланып, жұмысын жалғастырады деп хабарланған.

Басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта ел аумағында жаңа коронавирус жұқтырудың жеті мың дерегі тіркелген. Жиырма бес адам қайтыс болды.

Айта кету керек, бұған дейін Израиль премьер-министрі Нетаньяху отандастарына науқастар санының тез өсуі мүмкін екенін ескерткен болатын.

Израиль қауіпсіздік қызметі COVID-19 ауруына шалдыққан азаматтарды сандық бақылауды бастады.

Израиль елге кіретін азаматтардың барлығына міндетті карантин енгізгені де белгілі. Оның айтуынша, мұндай қиын шешім халықтың денсаулығын сақтау үшін қабылданды.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанның төрт өңірінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 16 адам тіркелді. Осылайша, елімізде қауіпті дертке шалдыққандардың саны 402-ге жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848522-izraildi-densaulyk-saktau-ministri-koronavirus-zktyrdy/

pixel