Жаңа қожайындар: Босап қалған Алматы көшелерін тағам жеткізушілер толтыруда
Опубликовано:
Алматыда карантин шаралары күшейтілгелі бері қала көшелері босап қалды. Шаһар ішінен дүкенге асыққан бірнеше адам мен арнайы қызметтердің қызметкерлері ғана байқалады. Алайда карантинге қарамастан көшеде көбейіп жатқан тағы бір топ бар. Ол- тапсырысыпен тағам жеткізушілер. Олардың саны күннен күнге артуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сары сөмке асынған жас жігіттерді мегаполистің әр бұрышынан кезіктіруге болады.

Олар тағамды әртүрлі жолмен жеткізеді. Бірі жаяу, мопедпен, енді бірі велосипедпен.

Оларды фаст-фуд дүңгіршектердің жанынан жиі байқауға болады.

Қызметкерлердің барлығы медициналық маскалар мен бірреттік қолғап киіп жүр.

Еске сала кетсек, 19 наурыздан бастап Алматы қаласы карантинге жабылды. Осыған байланысты қала ішінде қозғалуға тыйым салынды. Ал 22 наурыздан бастап еліміздің екі мегполисі Нұр-Сұлтан мен Алматы толық оқшауланды.
Сондай-ақ қажеттілік туындамаса да қала көшелеріне шығатын алматылықтарды полиция бөлімшесіне жеткізіп, автокөліктерін айып тұрағын алып қоюы мүмкін. Үйден тек азық-түлік пен дәрі алуға және шұғыл медициналық қызмет алу үшін шығуға болады. Адамдардың жиналуына рұқсат жоқ.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848603-zaa-kozajyndar-bosap-kalgan-almaty-kselerin-tagam-zetkizusiler-toltyruda/