Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Коронавирус шаш арқылы жұға ма": Маман жауап берді

Опубликовано:

Сарапшв-эпидемиолог Сәкен Әміреев коронавирустың адам шашы арқылы таралуы мен жұғуын жоққа шығарды. Айтуынша, вирусты қолды жумау арқылы жұқтырып алу оңайырақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Коронавирус шаш арқылы жұға ма": Маман жауап берді
Фото: piqsels.com: UGC

Жақында WhatsApp мессенджерінде әлдебір әйел адамның аудиожазбасы тарап үлгерген. Аудиода COVID-19 инфекциясы адамның шашы арқылы да тарап, жұғатыны айтылған.

Автор жұмысындағы жиналыста олардан бас орамал байлап жүрулерін сұрағанын айтады. Себебі вирус шаш арқылы таралатын көрінеді. Бұл Қытайдан елге көмек беруге ұшып келген дәрігерлердің кеңесі болса керек. Әйел адам жазбада қытайлықтар ауру жұқтырып алмас үшін тіпті шашын тақырлап алып тастағанын айтады.

Біздің тілшілер мән-жайды білу үшін Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің мамандарына жүгінді. Профессор Сәкен Әміреевтің айтуынша, бұндай ақпарат шындыққа жанасапайды.

"Вирус адамның өкпесіне тыныс алу жолдары арқылы немесе шырышты қабықша арқылы түседі: көз, мұрын т.с.с. Шаш арқылы ағзаға қалай түседі?
Жуылмаған, лас қол арқылы жұғатыны рас. Алайда шаш арқылы дегеніміз күлкілі. Егер науқаспен байланыста болсаңыз, шаш емес басқа жолдар арқылы жұғу ықтималдылығы жоғары", – дейді ҚазҰМУ эпидемология кафедрасының профессоры Сәкен Әміреев.

Сондай-ақ, дәрігер денсаулығын мазалаған жағдайда ауруханаға барғаннан гөрі, бірден жедел жәрдем шақырып, тексеруден өтуге кеңес берді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Петропавл қаласы карантинге жабылатынын хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848643-koronavirus-sas-arkyly-zga-ma-maman-zauap-berdi/

pixel