Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда алтыншы пациенттің коронавирусты қайдан жұқтырғаны белгілі болды

Опубликовано:

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған алтыншы пациент туралы тың мәліметтер белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Жамбыл облысы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Depositphotos

Екінші сәуір күні Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырып алған алтыншы адам анықталды.

Пациент Тараз қаласының 69 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол бірінші сәуірде COVID-19 анықталған адаммен байланыста болған тұлға ретінде стационарлық карантинге жатқызылған.

Бұған дейін вирус табылған 41 жастағы азамат оның жақын туысы болып келеді.

Зейнеткерден алынған талдаулар қорытындысы оң нәтиже көрсеткен. Пациент инфекциялық стационарға ауыстырылған. Жағдайы қанағаттанарлық, шағымдар жоқ, қажетті ем алуда.

Айта кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде COVID-19 435 адамнан анықталып отыр.

Вирус жұқтырғандардың ең көбі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында. Сондай-ақ елордада 16, Алматы қаласында 11 пациент ауруынан айығып, ауруханадан шықты.

Тағы үш пациент коронавирустан көз жұмды. Қайғылы жағдай Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола және Қарағанды облыстарында тіркелді.

Ал әлемдегі жағдайға келер болсақ дүние жүзінде коронавирустық инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 1 миллионнан асқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848742-tarazda-altynsy-naukasty-koronavirusty-kajdan-zktyrgany-belgili-boldy/

pixel