Елімізде тағы 9 адамнан коронавирус табылды
Опубликовано:
Қазақстанда тағы 9 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша елімізде COVID-19 инфекция жұқтырғандар саны 444-ке жетіп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазақстандағы коронавирус бойынша 3 сәуір, сағат 09.40-тағы жағдай:
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 9 адам тiркелдi. Олар Солтүстік Қазақстан облысында - 3 адам, Атырау облысында - 1 адам, Түркістан облысында - 3 адам, Ақтөбе облысында - 2 адам.
Осы сағатта:
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 199 адам
Алматы қаласында – 91 адам
Қарағанды облысында - 21 адам
Ақмола облысында - 19 адам
Атырау облысы - 20 адам
Жамбыл облысында -6 адам
Шымкент қаласында - 11 адам
Шығыс Қазақстан облысында - 3 адам
Алматы облысында - 9 адам
Ақтөбе облысында - 7 адам
Солтүстік Қазақстан облысында - 14 адам
Павлодар облысында - 1 адам
Маңғыстау облысында - 1 адам
Қызылорда облысында - 26 адам
Батыс Қазақстан облысында - 2 адам
Түркістан облысында - 14 адам.
Жалпы елімізде бүгінгі күнге дейін COVID-19 инфекциясын жұқтырған 444 пациент тіркеліп отыр. Олардың 28-і сауығып, (Нұр-Сұлтанда 16, Алматыда 12) ауруханадан шықса, үш адам қайтыс болды.
Ал әлемдегі жағдайға келер болсақ, Жер бетінде коронавирустық инфекция жұқтырғандар саны 1 млн 16 мың адамнан асты. 52 мың 957 адам вирус құрбанына айналса, тағы 210 мыңға жуық науқас ауруынан айықты.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/health/coronavirus/1848759-elimizde-tagy-9-adamnan-koronavirus-tabyldy/