Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирус инфекциясы тағы бес адамнан анықталды

Опубликовано:

Қазақстанда коронавирус жұқтырудың тағы бес оқиғасы тіркелді. 2020 жылдың үшінші сәуірінде сағат 14:00 бойынша еліміздегі эпидемиологиялық жағдай белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Республика аумағында коронавирус жұқтырып алғандардың саны артты. Оларға қатысты мәліметті денсаулық сақтау министрлігі жариялады.

Бүгін COVID-19 инфекциясы тағы бес азаматтан анықталды. Олардың екеуі Алматы қаласынан болса, үшеуі Солтүстік Қазақстан облысынан шыққан.

Қазіргі таңда, елімізде қауіпті вирустың 453 оқиғасы тіркелген.

Еске сала кетейік, Қазақстанда коронавирустың таралуына байланысты ертеңнен бастап, Шымкент қаласы крантинге жабылмақ.

Оған қоса, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында жұмыссыз режим 13 сәуірге дейін созылды. Бастапқыда жергілікті мекемелердің жұмысы бесінші сәуірге дейін тоқтатылған болатын.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында тез тұрғызылатын құрылымдардан үш жұқпалы аурулар ауруханаларын салу туралы шешім қабылданған.

Сондай-ақ Қырғызстанда коронавирустан болған ал,ашқы өлім тіркелді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848830-kazakstanda-koronavirus-infekciasy-tagy-bes-adamnan-anyktaldy/

pixel