Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда екі бірдей көлік блокбекетті бұзып өтіп, ереже бұзған

Опубликовано:

Маңғыстау облысында қойылған блокбекетте екі бірдей жол-көлік оқиғасы орын алды. Зардап шеккендер бар. Екі жағдайда көлік жүргізушілері бетон кедергілерді бұзып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстауда екі көлік блокбекетті бұзып жарды
Фото: polisia.kz: UGC

Қазір аймақта 16 блокбекет қойылған. Алдымен 2 сәуір күні кешкісін бетон қоршауға Hyundai Sonata көлігі соғылған.

Бұл оқиға Ақтау мен Бейнеу арасындағы тасжолда орын алды. Көлік тізгінінде 33 жастағы ер адам болған көрінеді.

Сот жүргізушіге қатысты адам денсаулығына зиян келтіріп, көлікті қиратып, басқа да заттарға зардап келтіргені үшін жол жүру ережесін бұзу бойынша әкімшілік хаттама жасақтады.

Екінші жағдай бойынша "Ақтау-Құрық" көлік жолының 29-шы километрінде Toyota Camry 40 автокөлін басқарып келе жатқан 30 жастағы жүргізуші кедергіні көрмей, бұзып өткен.

Бұл апаттан 4 адам зақым алып. олар облықтық аурухана жеткізілді. Адам денсаулығына зиян келтіргені үшін қылмыстық кодекс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Одан бөлек, полиция екі оқиға бойынша қызметтік тексеру жүріп жатқанын айтты. Тәртіп сақшылары елдегі төтенше жағдай режимін бұзбауға шақырды.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыссыз режим 13 сәуірге дейін ұзартылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848856-magystauda-eki-birdej-klik-blokbeketti-bzyp-tip-ereze-bzgan/

pixel