Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Молдағасымова: Алматыда коронавирус жұқтыру дерегі азайды

Опубликовано:

Алматыда коронавирус жұқтыру фактісі бойынша тіркелгендер саны азаюда. Бұл туралы Айзат Молдағасымова брифингте айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда коронавирус жұқтыру саны бәсеңдеді
Фото: pixabay.com: UGC

Молдағасымованың айтуынша, 2 сәуір күні жаңа тіркелген саны азайған. Айта кетейік, қазір Алматы қаласы бойынша 91 науқас ауру жұқтырған. Ал кеше бұл көрсеткіш 90-ға тең болды. Сонда бір тәулік ішінде небары 1 науқас анықталды.

Одан бөлек, Айзат Молдағасымова қалада 10 мыңнан астам адам коронавирусты анықтайтын тесттен өткенін айтты.

Оның айтуынша, қаладағы коронавирусқа қатысты 5 жағдай жергілікті болып табылады. Бұл науқастар шетелде болмаған, ауруды өзгеден жұқтырмаған. Алайда өздері ауырып, тағы адамға инфекция жұқтырып үлгерген.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 453 адам індет жұқтырды, онң 29-ы ауруынан айыққан, көз жұмғандар саны – 3.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыссыз режим 13 сәуірге дейін ұзартылды.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда көбінесе қай жастағылар коронавирус жұқтырғанын жазған едік.

Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов каратин уақытында азаматтардың өз көлігімен супермаркетке немесе егде жастағы туыстарына баруына қатысты пікір білдірді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848874-moldagasymova-almatyda-koronavirus-zktyru-deregi-azajdy/

pixel