Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде бұрынғы күйеуі бетін тіліп тастаған келіншек жанайқайын жеткізді

Опубликовано:

Ақтөбе тұрғыны бұрынғы күйеуінің оған жұмыс орнында шабуыл жасап, бетін тіліп тастағанын айтты. Ол басындағы жағдайымен бөлісіп, "Немолчи" қорына жүгінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбелік келіншек бұрынғы күйеуінің оның бетін тіліп тастағанын айтып, шағымданды
Фото: facebook.com/dina.tansari: Facebook

Келіншектің оқиғасы қордың жетекшісі Дина Смаилованың парақшасында пайда болды. 28 жастағы келіншек өзінің бармен болып жұмыс істейтін дүкенде болғанын айтты. Бұрынғы күйеуі оның жұмыс орнына келіп, одан сыра құйып беруді өтініпті.

Одан кейін тағы сыра сұраған кезде, әйел оның өтінішін орындамай, алдыңғы екі стақанның ақшасын төлеуін сұраты. Келіншектің сөзінше, ер адам жымиып, "мекеме есебінен" ішкенін айтқан. Ал әйел олай болған жағдайда сыраның ақысы оның жалақысынан ұсталып қалатынын айтыты.

"Ол бірдеңе жайлы ойлағандай ұзақ отырды. Ол менің түңгі бірде жабылатынымды білді. Содан кейін ол сытқа шығып, қайта келді. Оның көз қарасынан бірдеңені ойластырғанын түсіндім. Мен бейнебақылау бар бөлмеде болдым, арамызда жолақ бар еді. Ол есіктің есігін тепкілей бастады, мен соққыдан бір орында қатып қалдым. Ол қайтадан тепкенде мен басқа бөлмеге секіріп кірдім",- дейді келіншек.

Оның айтуынша, бұл бөлмеде бір адам болған - ол сырасын бітіріп жатқан. Әйел одан көмек сұраған, алайда ер адам кетіп қалды.

"Содан кейін бұрынғы күйеуім мені видеокамералары жоқ бөлмеге алып келді, мені еденге лақтырып жіберді, үстіме отырды, басымды көтеріп, бетімді сипай бастады, мен оны ұрып жатыр деп ойладым, қолдарыммен бетімді жаба бастадым. Мен басымды көтергенде өткір нәрсені көрдім.
Маған зиян тигізбеуін өтініп жылай бастадым, бірақ ол ашуланған дауыспен мені өлтіретінін айтты, егер мен оныкы болмасам, ешкімдікі болмайтынымды, сол үшін түрмеге отыруға дайын екенін айтты. Мен жалынып, одан кешірім сұрай бастадым. Оған оралатынымды да айттым, бірақ ол тым кеш қалдың деді", - деді ол.

Ол күйеуіне күші жетпегенін сөз етті. Содан кейін ол бұрынғы жұбайына 10 жасар қызының көз алдында қалай көрінетінін, анасының қайда екенін сұрағанда ол не деп жауап беретінін сұрады. Осыдан кейін ер адам тоқтап, оянғандай болыпты.

Содан кейін келіншек дәретханаға барып, өзін айнадан көрді. Оның айтуынша, "қан судай аққан". Ер адам оған жуынуға әмір берді, ал әйел бұрынғы күйеуінен жедел жәрдем шақыруын өтінді.

"Ол қоңырау шалып, бәрін ол істемегендей етіп жеткізген. Маған шабуыл жасалғанын айтты. Содан кейін ол шығып бара жатқан кезде полиция көлігі келді, кафеде отырған адам да жақындап келді. Ол көшеде тұрып, бұрынғы күйеуімді артынан ұстап алады. Полицейлер менен пышақтың қайда екенін сұрады. Бұрынғы күйеуім оларға менің пышақты жуып, орнына қойғанымды айтыты. Бірақ мен оны істейтін жағдайда емес едім", - деді әйел.

Дәрігерлер қызға көмектесті, оның айтуы бойынша оның беті аузынан құлаққа дейін тілініп, беттің екінші жағы, қабақтары кесілген.

"Осының бәрі 13 наурызда болды. 18-і күні ауруханадан шықтым. Үш күннен кейін ол босатылды, мен оны түсіндім, өйткені ол маған хабарламалар жібере бастады, мені кешіруге көндірді. Менің анамнан басқа ешкімім жоқ, қазір менің қызым оның жанында. Ол мені әлі көрген жоқ, көрінуге қорқамын, өйткені бұрын некеде болғанда ол маған қол көтерген, ал қызым мұның бәрін көрді", - дейді жәбірленуші.

Облыстық полиция күдіктінің қазір қамауда екенін, іс жүзінде ҚР ҚК 106-бабы "Ауыр дене жарақатын келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Полиция зардап шеккен адамның ауруханада 31 наурызға дейін болғандығын, осыған байланысты бұрын тергеу әрекеттерін жүргізу мүмкін болмағанын атап өтті.

Сондай-ақ, департамент күдіктінің жәбірленушімен байланысуына тыйым салатын қорғаныс бұйрығы шығарылғанын атап өтті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848895-aktbede-bryngy-kjeui-betin-tilip-tastagan-kelinsek-zanajkajyn-zetkizdi/

pixel