Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атышулы "Қалаулым" жұлдызы коронавирус жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатып шықты

Опубликовано:

"Қалаулым" телебағдарламасының қатысушысы әрі журналист Айдос Игіліков коронавирус жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Атышулы "Қалаулым" жұлдызы коронавирус жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатып шықты
Фото: Жеке мұрағат: UGC

Көпшілікке "Қалаулым" бағдарламасы арқылы танылып, кейін жобаға қатысушылардың бірі Заринамен шаңырақ көтерген Айдос дене қызуы көтеріліп, жөтел жиілеген соң жедел жәрдем шақыртқан.

"Қазір еліміздегі және әлемдегі жағдай көңіл қуантарлық емес. COVID-19 індеті бүкіл әлемде белең алуда. Карантин кезінде үйде отырсам да, тұмау белгілері байқалып, өзімді жайсыз сезіндім. Өз денсаулығым мен жақындарыма қатты алаңдағандықтан, дереу дәрігер шақырттым. Олар бірден коронавирус инфекциясына тексеретінін айтты. Қуанышқа қарай, бұл аты жаман ауру менен табылған жоқ. Бірақ мені бірнеше күн бойы ауруханада оқшаулап ұстады", - дейді ол.

Айдос Игіліков осындай қысылтаяң шақта үзіліссіз жұмыс істеп жатқан дәрігерлерге бас иетінін айтты.

"Ауруханада жатып, дәрігерлердің жұмысына таңдай қақтым. Күн демей, түн демей сырқаттардың басы-қасында жүр. Өз үйі мен жанұясына қарауға мұршалары жоқ. Тіпті, бірнеше күн бойы үйіне бармағандарын да кездестірдім. Біз үшін жанұшырған дәрігерлер еңбегін бағалап, вирус қаупі шарықтаған шақта барлық сақтық шараларын қолданайық", - дейді Айдос.

Бүгінде Айдос аман-есен үйіне оралғанын айтып, өзі үшін алаңдаған жақындарына алғыс айтты.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 464-ке жеткен еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848952-atysuly-kalaulym-zldyzy-koronavirus-zktyrdy-degen-kdikpen-auruhanaga-zatyp-sykty/

pixel