Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында коронавирустан көз жұмған тұрғын жайлы мәлімет пайда болды

Опубликовано:

Бүгінгі брифингте Түркістан облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері аймақтағы жағдайды баяндады. Бұл жерде түнде коронавирус жұқтырған науқастың қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Түркістан облысында коронавирустан көз жұмған тұрғын жайлы мәлімет пайда болды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Белгілі болғандай, қайтыс болған 64 жастағы ер адам 15 наурызда Алматыдан Түркістан облысы Жетісай қаласына келген. Бұған дейін ол Алматы облысының Қарасай ауданында болған, ал 15-і күні үйіне автобуспен оралған.

Ол өзінің оңтүстік астанаға жасаған сапарын жасырып қалған, сол сәтте қалада вирус жұқтыру жағдайлары тіркелген болатын.

Белілі болғандай, ол аурудың алғашқы белгілерін 26 наурызда сезген, алайда ауруханаға 29 наурызда жатқызылды. Ол пневмония, гипертония, қант диабетімен ауырған.

Барлық сынамалар алынып, емдік шаралары жүргізілді.

Жақын қарым-қатынаста болған 25 адам, ықтималды байланыста болған 40 адамдар тексірілді.

Жағдай бақылауға алынды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1848975-trkistan-oblysynda-koronavirustan-kz-zmgan-trgyn-zajly-mlimet-pajda-boldy/

pixel