531-ге жетті: Еліміздің үш өңірінде коронавирус індетін жұқтырған 6 адам тіркелді
Опубликовано:
Еліміздің үш өңірінде коронавирус індетін жұқтырған тағы алты адам тіркелді. Осылайша, Қазақстанда қауіпті дертке шалдыққандар 531-ге жетті деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

"4 сәуірдің 22.45 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 адам тiркелдi, Қызылорда облысында - 2 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 3 адам, Жамбыл облысында - 1 адам", - делінген хабарламада.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 219 адам,
Алматы қаласында – 110 адам,
Қарағанды облысында - 27 адам,
Ақмола облысында - 20 адам,
Атырау облысы - 22 адам,
Жамбыл облысында - 11 адам,
Шымкент қаласында - 13 адам,
Шығыс Қазақстан облысында - 4 адам, Алматы облысында - 10 адам,
Ақтөбе облысында - 10 адам,
Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам,
Павлодар облысында - 1 адам,
Маңғыстау облысында - 3 адам,
Қызылорда облысында - 30 адам,
Батыс Қазақстан облысында - 2 адам,
Түркістан облысында - 23 адам,
Қостанай облысында - 1 адам, жалпы 531 науқас тіркелді.
Еске салсақ, Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны 5 адамға жеткені туралы хабарлаған едік.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1849037-531-ge-zetti-elimizdi-s-irinde-koronavirus-indetin-zktyrgan-6-adam-tirkeldi/